Ya Metrika Fast


English version

Петропавлдағы сепаратистер ақымақ емес – Мұхамеджанов

Контекст дня — 7 апреля 2023 18:10
0
Изображение 1 для Петропавлдағы сепаратистер ақымақ емес – Мұхамеджанов

Тәжік-ауған шекарасындағы әскери іс-қимылдарға қатысушылардың республикалық одағының төрағасы, запастағы подполковник Мұрат Мұхамеджанов «Петропавл қаласы еңбекшілерінің халық кеңесі» әдістемелік құралдар бойынша жұмыс істеуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz КазТаг-қа сілтеме жасап.

– Петропавлдағы халық кеңесін құрып шыққан 20 адам ақымақ емес. Олар өте білімді және, ең алдымен, мұндай қойылымға алдын-ала дайындалған әдістемелер бойынша жұмыс істейді. ҰҚК, ІІМ органдары, Сыртқы барлау арнайы қызметтері және т.б. бар. Олар қайда қарады? Неліктен Петропавл қаласының орталығында осы 20 адамның жиналуына рұқсат етілді. Олар жиналған ғимаратта Қазақстанның тәуелсіздігі туралы нақты жазылған стенд бар және соған қарамастан олар тәуелсіздік алу туралы айтады. Бұл қандай да бір мемлекеттік мекеме. Енді прокурорлар қайда қарады? Әкімдік, ішкі саясат, жастар саясаты қайда қарады? – деді Мұхамеджанов баспасөз мәслихатында.


Еске салайық, Солтүстік Қазақстан облысының орталығында арандатушы топ «Петропавл қаласы еңбекшілерінің халық кеңесі» дейтін ұйым құру туралы мәлімдеме жасап, бейнежазба жариялады. Бейнежазба қызу талқыға түсті.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.