English version

Politico: Қытай Ресейге қару-жарақ тасымалдаған

Контекст дня — 17 марта 2023 17:10
0 -1

Қытайлық компаниялар Ресейге 1000-ға жуық әскери жабдықтар мен сауыт-саймандар жіберген, деп хабарлайды Exclusive.kz Politico басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, 2022 жылдың маусым айында Қытайдың қорғаныс министрлігінің ең ірі мердігерлерінің бірі China North Industries Group Corporation Limited ресейлік «Техкрим» компаниясына M16 үлгісінде жасалған CQ-a карабиндерін жеткізген.

Сондай-ақ 2022 жылдың соңында ресейлік компанияларға дрондарға арналған жабдықтар және 12 тоннадан астам сауыт жеткізілген. Жүк Қытайдан Ресейге Түркия мен БАӘ арқылы тасымалданған.

Бұған дейін АҚШ Қытай Ресейге әскери көмек көрсетіп, қару жіберуді қарастырып жатқанын айтқан болатын. Айта кетейік, наурыз айының басында Еурокомиссия Қытайдың Ресейге қару жеткізуі туралы ешқандай дәлел жоқ деп мәлімдеді.

Фото: Радіо Свобода


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.