Президент Қалдаяқовқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді
Мемлекет басшысы «Ш. Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы» Жарлыққа қол қойды.
– Қазақ халқының музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін композитор Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын (марқұм). Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, — делінген жарлықта.
Шәмші Қалдаяқов – қазақ композиторы, қазақ вальсінің королі. 1956 жылы «менің Қазақстаным» әнін жазды, кейін ол Қазақстанның қазіргі әнұранына айналды.
Фото ашық деректерден
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.