English version

Президент қаңтар оқиғасына қатысқандарға рақымшылық жасады

Контекст дня — 1 сентября 2022 12:18
0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы Жолдауда қаңтардағы ереуілге қатысқандар мен күштік құрылым қызметкерлерін өз азаматтарымыз деп атады.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялады.
Амнистия ауыр қылмыс жасағандарға қолданылмайды

– Бізге ел бірлігі ауадай қажет. Ереуілге қатысқандар да, күштік құрылым қызметкерлері де – өз азаматтарымыз. Олар сот әділ өтеді деп қана емес, қоғам кешірімді болады деп үміттеніп отыр. Мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетті. Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан, мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым. Әрине, рақымшылық тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысқан басты айыпталушыларға, сондай-ақ мемлекетке опасыздық жасады және билікті күшпен өзгертуге әрекет жасады деп айыпталғандарға әсер етпейді, – деді президент.

Фото: Almaty.tv


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.