English version

Президент ақтаулық егіздер Қасым мен Жомартқа хат жолдады

Контекст дня — 19 октября 2022 16:30
0 -1

Ақтаулық егіздер Қасым мен Жомартқа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан хат келді. Балалардың әкесі бұл отбасы үшін тосын сый болғанын айтты.

Президент олардың дипломат болуға деген ұмтылысын мақұлдап, бұл мамандық мемлекет мүддесі үшін өте қажет екенін айтқан.

– Айналайын Қасым мен Жомарт, сендер туралы жақында хабардар болдым. Терең білім алып, дипломат болам деп алдарыңа биік мақсат қойыпсыңдар. Бұл – мемлекет мүддесі үшін аса қажет мамандық. Мемлекетіміз, халқымыз үшін бар күшін салып қызмет ететін үлкен азамат болыңдар. Еліміздің келешегі – жастар. Сол үшін алғыр, ақылды, зерек болып өсіңдер. Өйткені бұл – зор жауапкершілік. Бүгінгі жасөспірім – ертеңгі ел иесі. Сендер қаншалықты білімді, білікті болсаңдар, еліміздің келешегі соншалықты кемел болады. Зульфия әжелеріңнің, ата-аналарыңның, елдің үмітін ақтайтындарыңа кәміл сенемін. Өздеріңдей көп тіл білуді мақсат еткен, Отанын шексіз сүйетін жастардың өсіп келе жатқанына қуаныштымын. Әрдайым осындай белсенді, талапты болыңдар. Өмірде биік белестерді бағындыруыңа тілектеспін, – деп жазылған хат мәтінінде.

Қасым мен Жомарт мамандандырылған физика-математика лицейінің сегізінші сыныбында білім алады. Соңғы үш жылда сыныптастары мен достары оларды «президент» деп атайды екен.

Фото: inbusiness.kz

Изображение 1 для Президент ақтаулық егіздер Қасым мен Жомартқа хат жолдады

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.