Президент электр самокаттарға қатысты заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі заңға қол қойды, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін Сенат депутаттары заң жобасын мақұлдаған болатын. Заң жобасы олқылықты жоюға және шағын электр көліктерін, сондай-ақ электр самокаттарды пайдалану мәселелерін заңнамалық реттеуді енгізуге бағытталған.
Фото: Алихан Сариев
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.