Президент Мырзағалиев пен Нұрмағанбетовке сөгіс жариялады
Мемлекет басшысы Премьер-министр Әлихан Смайыловты қабылдап, еліміздің биылғы 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы, сондай-ақ Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында (МАЭК) және Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) болған апаттардың себептерін тексеру нәтижелері жөнінде баяндаманы тыңдады, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлихан Смайылов батыс өңірінің энергетика жүйесінің жай-күйіне жасалған ауқымды талдау нәтижесінде энергетика кәсіпорындарының жұмысында бірқатар кемшілік жіберілгенін айтты. Бұдан бөлек, Энергетика министрлігінің, «KEGOC» АҚ, «МАЭК» ЖШС және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жұмысында олқылықтар бар екені мәлім болды.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевке мұнай өңдеу зауытының қауіпсіз және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету шараларын уақтылы жүзеге асырмағаны үшін сөгіс беріледі.
Бұдан бөлек, батыс энергия торабының қауіпсіздігіне тиісті деңгейде бақылау жасамағаны үшін Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовке сөгіс жариялау жөнінде шешім қабылданды. Сондай-ақ «МАЭК» ЖШС, АМӨЗ, «KEGOC» АҚ басшылары мен лауазымды тұлғаларына қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылады.
Фото: ашық дереккөз



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.