Президент сайлауы: Саяси додаға тағы бір үміткер қосылды - Exclusive
Поддержать

Президент сайлауы: Саяси додаға тағы бір үміткер қосылды

Құқық қорғаушы Салтанат Тұрсынбекова Қазақстан президенттігіне үміткер ретінде ұсынылды.

Көп жылдар бойы азаматтық құқықтар, әсіресе әйелдер мен балаларды қорғауды туралы мәселе қозғайтын Салтанат Тұрсынбекова отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес саласында ерекше белсенді.

Астана қоғамдық кеңесінің мүшесі. Сондай-ақ, «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының жетекшісі болды.

Осы уақыт ішінде президент сайлауына үміткер ретінде «Ауыл» партиясы атынан – Жигули Дайрабаев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан – Нұрлан Әуесбаев, «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» бірлестігі атынан – Мейрам Қажыкен, Халықтық коалиция атынан – Қасым-Жомарт Тоқаев, «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер ұлттық альянсы» бірлестігі атынан – Қарақат Әбден ұсынылды.

Президенттікке үміткерлердің әрқайсысы 118 000 қол жинауы керек. Сайлау жарнасының мөлшері 3 млн теңгені құрайды.

Фото: zakon




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.