Президент сайлауы: Саяси додаға тағы бір үміткер қосылды
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы кезектен тыс президент сайлауына Нұрлан Әуесбаевты ұсынды.
1 қазанда елордада өткен партияның съезінде шешім қабылданды. Партия мүшелері оппозициялық саясаткерлер Жасарал Қуанышалин мен Уәлихан Қайсардың кандидатурасын қолдаудан бас тартқан.
ЖСДП-ның бөлімшесін басқаратын Нұрлан Әуесбаев Түркістан облысының тумасы.
Айта кетейік, кеше кезектен тыс президент сайлауына «Ауыл» партиясынан Жигули Дайрабаевтың кандидатурасы ұсынылды.
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.