Құқық қорғаушы Салтанат Тұрсынбекова Қазақстан президенттігіне үміткер ретінде ұсынылды

Көп жылдар бойы азаматтық құқықтар, әсіресе әйелдер мен балаларды қорғауды туралы мәселе қозғайтын Салтанат Тұрсынбекова отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес саласында ерекше белсенді.
Астана қоғамдық кеңесінің мүшесі. Сондай-ақ, «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының жетекшісі болды.
Осы уақыт ішінде президент сайлауына үміткер ретінде «Ауыл» партиясы атынан – Жигули Дайрабаев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан – Нұрлан Әуесбаев, «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» бірлестігі атынан – Мейрам Қажыкен, Халықтық коалиция атынан – Қасым-Жомарт Тоқаев, «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер ұлттық альянсы» бірлестігі атынан – Қарақат Әбден ұсынылды.
Президенттікке үміткерлердің әрқайсысы 118 000 қол жинауы керек. Сайлау жарнасының мөлшері 3 млн теңгені құрайды.
Фото: zakon

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.