English version

Президент сайлауына қатысқан Қажыкен партия тіркеуге өтініш берді

Контекст дня — 27 января 2023 14:30
0 -1

Кезектен тыс президент сайлауында үміткер атанған Мейрам Қажыкен «YNTYMAQ» республикалық саяси партиясын тіркеу үшін сегізінші рет Әділет министрлігіне құжат тапсырды, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Ұйымдастыру комитеті бастамашыл топтың әрбір қатысушысымен мұқият жұмыс жүргізді. «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-бөлігінде және 8-бабында көрсетілген барлық талаптар ескерілді, – деп жазды Мейрам Қажыкен Facebook-те.

Айта кетейік, Мейрам Қажыкен өткен жылы «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар Достастығынан Қазақстан президенттігіне үміткер болып, сайлауда 2,53% дауыс жинады.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына жеті саяси партияның қатысуына рұқсат берді.

Олар:
«Amanat» Партиясы;
Ақ жол «Қазақстан демократиялық партиясы;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
«Байтақ» партиясы;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия;
Қазақстан Халық партиясы;
«Respublica» Партиясы.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.