Президент сайлауына шамамен 20 миллиард теңге жұмсалады
Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева Қазақстандағы кезектен тыс президенттік және парламенттік сайлау өткізуге қанша қаражат жұмсалатынын айтты.
Оның айтуынша, президент сайлауына шамамен 20 миллиард теңге жұмсалады. Қаражат үкіметтік резервтен бөлінеді.
– Президенттік сайлау 2024 жылы жоспарланған. Өзгерістерді, жаңа тапсырмаларды ескере отырып, биыл Үкімет резервінен ақша бөлінетін болады. ОСК әлі де есептеулер жүргізіп жатыр. Шамамен 20 миллиардқа жуық болады, – деді ол.
Савельева Парламент сайлауының құны 25 миллиард болатынын айтты. Жалпы, екі сайлауды өткізуге шамамен 45 миллиардөа жуық қаржы қажет , бірақ нақты сомалар әлі белгісіз.
1 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды. 2 қыркүйекте қазақстандықтардың 80%-дан астамы президент жолдауындағы бастамаларға оң баға бергені белгілі болды.
Фото: nur.kz
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.