English version

Президент сайлауынан кейінгі ауыс-түйіс: Қай шенеунік қызметін сақтап қалды?

Контекст дня — 28 ноября 2022 14:30
0 -1

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар лауазымды қызметкерлерді қайта тағайындады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметіне қайта тағайындалған шенеуніктер:

Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымына тағайындалды.

Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Сәкен Сайынұлы Исабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы лауазымына тағайындалды.

Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Марат Талғатұлы Омаров Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Фото: ашық дереккөз

Изображение 1 для Президент сайлауынан кейінгі ауыс-түйіс: Қай шенеунік қызметін сақтап қалды?
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.