English version

Президент сайлауында үміткер болған Дайрабаев депутат атануы мүмкін

Контекст дня — 4 февраля 2023 18:10
0 -1

Кезектен тыс президент сайлауына үміткер болған Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден «Ауыл» партиясының партиялық тізіміне енді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Бүгін халықтық-демократиялық патриоттық партияның XXII съезі өтті. «Ауыл» Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысуға дайын.

Партиялық тізім бекітілген. Бір мандатты округтер бойынша 9 үміткер ұсынылды.

2021 жылғы 10 қаңтарда өткен Мәжіліс сайлауында «Ауыл» партиясы сайлаушылардың 5,29% дауысын жинады және Парламентке өте алмады.

Еске салайық, елімізде 19 наурыз күні Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді.

Фото: ЭК


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.