Президент су тапшылығына қатысты мемлекеттік бағдарлама қажет екенін айтты
Алматы қаласы әкімдігі биыл Қарғалы тоғанының құрылысын аяқтау жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
– Бұл нысан Наурызбай ауданының 50 мың тұрғынын ауызсумен қамтамасыз етеді. Келесі жылы Ақсай тоғанының құрылысын аяқтау көзделуде. Ол Наурызбай ауданындағы 100 мың тұрғын мен Алматы облысы Қарасай ауданындағы 15 мың тұрғынның суға қатысты мәселесін шешуге септігін тигізеді, – деп жазылған хабарламада.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын сумен қамтамасыз ету жалпымемлекеттік маңызы бар басым міндет екенін атап өтті. Сонымен қатар былтыр Алматы қаласының Медеу ауданында болған жағдайдың қайталануына жол беруге болмайтынын ескертті.
– Елімізде су тапшылығы бар. Бізге жалпы мемлекеттік бағдарлама қажет. Бау-бақшаны суару үшін ауызсуды пайдалануға болмайды. Оның орнына су үнемдеу технологиясын қолданысқа енгізіп, жер астынан жаңа су көздерін іздеу қажет. Алматының тұрғындары ауызсудың тапшылығына жиі шағымданады. Сондықтан кешенді, жүйелі жұмыс жүргізілуі керек, – деді Тоқаев.
Фото: aqorda
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.