Президент Әуе қорғанысы күштерінде ауыс-түйіс жасады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы мен Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысын тағайындады.
– Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды;
Нұртас Дәулетұлы Қабақов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, – деп жазылған ресми хабарламада.
Айта кетейік, Нұрлан Секенұлы Орманбетов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.
Қайрат Әнуарбекұлы Садықов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.
Фото: Қорғаныс министрлігі

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.