English version

Президентікке үміткерлердің шотында қанша ақша бар?

Контекст дня — 5 ноября 2022 14:00
0 -1

Орталық сайлау комиссиясы 1 қарашадағы деректер бойынша президенттікке кандидаттардың сайлау қорына келіп түскен қаржы мен шығындары туралы есепті жариялады.

Қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау қоры ең көп қаржыны жинады – 1,6 млрд теңге.

Кандидаттың жеке қаржысы мен оны ұсынған қоғамдық бірлестіктің өз қаражаты 720 млн теңгені құрады. Азаматтар мен ұйымдар еріктілерінің қаржысы – 899,9 млн теңге.

Сайлау қоры бойынша екінші орын Жигули Дайрабаевқа тиесілі – 404 млн теңге.

Президенттіке үміткер Қарақат Әбденнің сайлау қорында – 187 млн теңге тіркелді.

Нұрлан Әуесбаевтың сайлау қорында – 109 млн теңге бар.

Мейрам Қажыкенде – 83 млн теңге. 

Салтанат Тұрсынбекованың сайлау қорындағы қаржы 47 млн теңгені құрады.

Үміткерлер бұл қаражатты әртүрлі санаттарға жұмсады: БАҚ, үгіт-насихат және т. б.

21 қазан күні президенттікке кандидаттарды тіркеу аяқталып, үгіт насихат науқаны басталды. 18 қарашаға дейін кандидаттар бағдарламасын таныстырады. 19 қарашада үгіт насихат жұмысы аяқталады. 20 қараша күні сайлау өтеді.

Коллаж: Адырна

Изображение 1 для Президентікке үміткерлердің шотында қанша ақша бар?

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.