English version

Президенттің күзет қызметінің басшысы тағайындалды

Контекст дня — 10 февраля 2024 18:00
0 -1

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Роман Төреханов Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Мемлекет басшысының өкімімен Роман Алмаханұлы Төреханов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Роман Төреханов 2016 жылы 94 келі салмақ дәрежесінде, сондай-ақ абсолютті салмақ дәрежесінде джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды.

Фото: aqorda


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.