Прокуратура «Алтын Орда» базарына тексеріс жүргізеді
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов «Алтын Орда» ірі сауда орнының жұмысы жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, сауда орнындағы түрлі тексерулерден кейін санитарлық, еңбек, өртке қарсы және салықтық бақылауға қатысты 300-ден астам заң бұзушылық анықталған.
– Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр сауда орнының қызметіне бақылау ұйымдастыруды тапсырды. Прокуратура, полиция, бәсекелестікті қорғау және қаржылық мониторинг агенттіктері, басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар қызметкерлерінен құралған мобильдік топ барлық заң бұзушылықтар толығымен жойылғанға дейін жұмыс істейтін болады, – деп жазылған хабарламада.
Алматы агломерациясында баламалы көтерме-тарату орталықтарын құру процесі жалғасын таппақ. Бұл «Алтын Орда» сауда орнының өңірлік деңгейде әрі бүкіл ел аумағы бойынша баға саясатына ықпалын азайтып, тиімсіз делдалдарды жоюға және сауданы оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.