Прокуратура Мамайдың ісі бойынша Инга Иманбайды қорғаушы мәртебесінен айырды
Алматы прокуратурасы белсенді Инга Иманбайды күйеуі Жанболат Мамай ісінде қорғаушы мәртебесінен айырды. Бұл туралы белсенді 21 шілдеде Facebook парақшасында жазды.
– Сылтаулары: 4 қаңтар күні Жанболатпен бірге митингіге шыққан мен іс бойынша куәгер екенмін-мыс. Иә, заңды күйеуіме қарсы куәлік етуге мәжбүрлемек болғандары рас. Бірақ, мен Жанболатқа қарсы куәлік беруден бас тартқанмын, іс бойынша жақын туысыма куәгер болмау менің заңды құқығым. Енді жарымды заңсыз, жаламен түрмеге қамағандары аздай, өзімді ұрып-соғып қанағадары аздай, менің заңды құқығымды осылай аяқ асты ету керек пе?! Бұл не деген сұмдық? – деп жазды белсенді Инга Иманбай.
Еске салайық, 4 қаңтарда Алматыдағы Алматы Арена маңына тіркелмеген Демократиялық партия жетекшісі Жанболат Мамай бастаған мыңға жуық адам жиналды. Кейін тәртіп сақшылары саясаткер, журналист Жанболат Мамайды ұстап алып кетті.
Фото: Facebook/Инга Иманбай.
Комментариев пока нет