Прокурор Мұхамедиұлын 12 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады
Астанада Қазақстан Ұлттық музейінің бұрынғы директоры, бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының кезекті сот процесі өтті. Сот барысында прокурор оған экс-министрді 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаев Арыстанбек Мұхамедиұлын Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп тануды сұрады. Олардың ішінде қылмысты ұйымдастыру, сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иемдену немесе ысырап ету, ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану және рейдерлік әрекеттер бар.
– Арыстанбек Мұхамедиұлын мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 12 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтесін, – деді ол.
Фото: ашық дереккөз



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.