Прокурор соттан журналист Думан Мұхаммедкәрімді 7 жылға бостандығынан айыруды сұрады

Қонаев қаласындағы жабық өтіп жатқан сотта прокурор журналисті 7 жылға бостандығынан айырып, 3 жыл қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салуды сұрады. Мұны журналистің адвокаты Мұрат Жолшиев хабарлады.
Журналист Думан Мұхаммедкәрімді «экстремизм қаржыландырды» және «тыйым салынған ұйым жұмысына араласты» деген күдікпен былтыр маусымда қамауға алынған.
Іске журналистің «Не дейді?» авторлық youtube-арнасында жарияланған оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтан алған сұхбаты түрткі болған.
Журналис те, адвокаттары да тағылған айыппен сот басталған сәттен бастап келіспейді және мұның саяси астары бар деп санайды.
Думан Мұхаммедкәрім 2022 жылы 12 қазанда «бейбіт митиң өткізу тәртібін бұзды деген айыппен 15 күнге, кейін 2023 жылдың наурыз-мамыр айларында қатарынан үш рет 25 күнге қамалды. Содан бері журналист әлі қамауда отыр.
Сот отырысы 2024 жылы 12 ақпанда басталды. Думан Мұхаммедкәрімнің соттың ашық өтуін талап етіп, бірнеше рет аштық жариялаған кездері болды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбатында саяси тұтқындар жоқ деп мәлімдеген. Дегенмен қазақстандық құқық қорғаушылар журналисті «саяси тұтқын» деп таныған.
Дереккөз: Азаттық радиосы
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.