Путин АӨСШК атауын Еуразиялық ынтымақтастық ұйымы деп өзгертуді ұсынды
28 елді біріктіретін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) тұрақты халықаралық ұйымға айналады. Енді оның атауы өзгереді. Бұл туралы АӨСШК-нің бірінші бас хатшысы Қайрат Сарыбай мәлімдеді.
Бірнеше президент өз ұсыныстарын айтты. Путин АӨСШК атауын Еуразиялық ынтымақтастық ұйымы деп өзгертуді ұсынды.
Ұйымға мүше болуы форматы да өзгеруі мүмкін. Әзірге АӨСШК-ге кіру үшін мемлекет аумағының кем дегенде бір бөлігі Азияда болуы керек. Формат өзгергеннен кейін АӨСШК құрамына Беларусь кіре алады. Бұл туралы Астанадағы саммитте айтылды.
Фото: РБК

Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.