English version

Путин Балиде өтетін G20 саммитіне қатыспайды

Контекст дня — 10 ноября 2022 15:10
0 -1

Ресей президенті Владимир Путин Балидегі G20 саммитіне қатыспайды.

Индонезиядағы Бали аралында өтетін саммитке Ресей делегациясын Сергей Лавров бастап барады. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады.

Украина президенті Владимир Зеленский G20 саммитіне Владимир Путин келетін болса, саммитке қатысудан бас тартатынын айтты.

– G20 саммитіне қатысатындар туралы хабарым жоқ. Менің және Украинаның ұстанымы бойынша Ресей Федерациясының президенті қатысқан жиынға Украина қатыспайды. Болашақта қалай болатынын көрейік, – деді Зеленский.

Зеленский Индонезия президентімен сөйлескенін және бұған дейін Индонезия басшысының көктемде Украинаға келгенін еске салды.

– Қалай болғанда да, біз қайтадан шақырылдық. Тағы да көрейік, – деді Украина президенті.

Фото: РБК

Изображение 1 для Путин Балиде өтетін G20 саммитіне қатыспайды

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.