Путин барған жерінің бәрін Ресейдің аумағы деп санайды – Кулеба
Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Орталық Азия журналистері үшін брифинг өткізді.
Дмитрий Кулеба «Ресей Қазақстанға басып кіре ала ма?» деген Еxclusive.kz сауалына жауап берді.
– Ресей қазір екінші соғыс жүргізе алмайды, бірақ егер Ресей басып кірсе, әскери күштеріңіз оны «соғысқа итермелеуге» қабілетті болады. Әскердің күші әскери шеру арқылы бағаланбайды. Бұл бірінші фактор. Екінші фактор – халықтың басқыншыға қарсы күреске қаншалықты дайын екендігі. Егер бұл екі фактор бірге жұмыс істесе, онда Ресей соғыс ауқымын кеңейтуге мәжбүр болады, бірақ оған күші жоқ. Ресейде әрқашан операция жүргізуге арналған күштер дайын тұрады. Мұндай жоспарлар қазірдің өзінде бар және Ресейдің Бас штабында жатыр. Грузия бойынша жоспар 2008 жылы ішінара іске асырылды. Кремльдің тәбетіне ешкім күмәнданбауы керек. Гибридті соғысқа келетін болсақ, бәрі ішкі серпілістен басталады. Қазір Молдовада Гагаузия тақырыбы талқыланып жатыр. Лавров кенеттен гагауздардың құқығын қорғай бастады. Олар соғысқаннан гөрі үгіт-насихатпен жақсы айналысады. Иә, Ресей қиын жау, бірақ жеңуге болады, – деді Кулеба.
Сондай-ақ, ол Тоқаевтың Орталық Азия көшбасшыларының кездесулеріне Ресей мен Қытай өкілдерін шақыру туралы бастамасына туралы көзқарасын айтты.
– Путинге ешқандай халықаралық форумдарда орын жоқ, бірақ бұл егемен мемлекеттердің құқығы. Путин барған жерінің бәрін Ресейдің аумағы деп санайды, – дейді Украинаның Сыртқы істер министрі.
Фото: Риа
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.