Путин: Біздің мақсатымыз – соғысты аяқтау - Exclusive
Поддержать

Путин: Біздің мақсатымыз – соғысты аяқтау

Владимир Путин Мемлекеттік кеңес отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Ресейдің негізгі мақсатын айтты.

– Біздің мақсатымыз – бұл соғысты аяқтау. Біз бұған ұмтыламыз және ұмтыла бермекпіз. Соғын неғұрлым тезірек аяқталса, соғұрлым жақсы болады, – Путин.

Сондай-ақ ол Ресей келіссөздерге дайын екенін, бірақ Украина келіссөз жүргізуден бас тартқанын айтты.

– Барлық қарулы қақтығыстар дипломатиялық жолдағы келіссөздермен аяқталады. Ал біз (келіссөздерден) ешқашан бас тартқан емеспіз, – деді Путин.

Санкт-Петербургтің Смоленск аудандық Кеңесінің депутаты Никита Юферев Путинді Ресей армиясы туралы жалған ақпарат үшін жазалауға шақырды.

– Владимир Путин соғысты аяқтау басты мақсатым деп мәлімдеді. Бірақ арнайы әскери операцияны аяқтау туралы жарлық болған жоқ, Соғыс жарияланбады. Соғыс туралы осындай сөздер үшін бірнеше мың адам сотталды. Путинді армия туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жазалау қажет, тиісті органдарға үндеу жібердім, – деп жазды депутат Twitter-де.

Фото: РБК




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.