English version

Путин Оңтүстік-Шығыс Азия мен Таяу Шығыс нарығына Қазақстан арқылы шығуға ниетті

Контекст дня — 21 февраля 2023 18:10
0 -1

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан мен Каспий теңізі арқалы Оңтүстік-Шығыс Азия мен Таяу Шығыс нарықтарына шығуға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейтіп, жаңа логистикалық дәліздер құратын боламыз. Мәскеу – Қазан экспресс жолын Екатеринбургке, Челябинск пен Тюменьге дейін, ал Иркутск пен Владивостокқа дейін Қазақстанға, Моңғолияға және Қытайға шығу арқылы ұзарту туралы шешім қабылданды, бұл біздің оңтүстік – шығыс Азия нарықтарымен экономикалық байланыстарымызды едәуір кеңейтеді, – деді Путин.

Сондай-ақ Ресей президенті Азов теңізінің порттарын дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

– Солтүстік – Оңтүстік халықаралық дәлізіне ерекше назар аударатын боламыз. Биыл Еділ-Каспий каналы арқылы кемелер өтуі мүмкін. Бұл Үндістан, Иран, Пәкістан, Таяу Шығыс елдерімен іскерлік ынтымақтастық үшін жаңа бағыттар ашады. Біз бұл дәлізді одан әрі дамытамыз, – деді Путин.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.