Путин Ресей армиясындағы сарбаздар санын көбейтуге кірісті - Exclusive
Поддержать

Путин Ресей армиясындағы сарбаздар санын көбейтуге кірісті

Ресей президенті Владимир Путин Ресей армиясындағы әскери қызметшілер санын 137 мың адамға көбейту туралы бұйрыққа қол қойды.

Ресей Федерациясының құқықтық ақпаратының ресми интернет-порталындағы мәліметке сәйкес, Ресей Қарулы Күштерінің жалпы саны – 1 миллион 150 мың 628 адам. Жарлық 2023 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді.

«Коммерсант» басылымы КСРО Қарулы Күштеріндегі әскери қызметшілер саны 1991 жылдың соңында 3,7-3,8 миллион адам болғанын жазды. 1992 жылы Ресей президенті Борис Ельцин армия санын қысқартуды көздейтін «Ресей Федерациясының Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлыққа қол қойған.

1994 жылға қарай Ресейдегі әскери қызметшілердің саны 2,1 миллионға, 1996 жылға қарай 1,7 миллионға дейін азайды 1996 жылдан бастап армия мен әскери қызметшілерінің штат саны президент жарлықтарымен белгіленеді. 1997 жылдан бастап сегіз жарлық жарияланған. Путин тамыз айында қол қойған жаңа жарлық тоғызыншы болып тіркеледі.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.