Путин Тоқаевтың орыс тілін дамыту туралы ұсынысын қолдады
Астанада өткен ТМД елдері басшыларының отырысында Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевтың ТМД көлемінде орыс тілін ілгерілету жөніндегі бастамасына қолдау білдірді.
Осыған байланысты Ресей орыс тілін қолдау және ілгерілету бойынша халықаралық ұйым құруға жәрдемдеседі.
– Ұйымның құрылуында біз Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ТМД жетекшілігімен орыс тілін ілгерілету жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы ұсынысын ескереміз. Біз әрине, осы бастаманы жүзеге асыруға барынша көмек көрсетеміз, – деді Владимир Путин.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев орыс тілін қолдау үшін халықаралық ұйым құруды ұсынған еді. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин ТМД басшыларының бейресми саммитінде айтты.
2023 жыл ТМД-да ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілі жылы деп жарияланды.
Фото: Борт 01
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.