English version

Путинмен жеке кездесу өткізген Ердоған Украина тақырыбын талқыламады

Контекст дня — 13 октября 2022 18:10
0 -1

Астанада Владимир Путин мен Режеп Тайип Ердоған келіссөз өткізді. Путин Түркияны Еуропаға газ жеткізудегі ең сенімді бағыт болғанын айтты.

Сондай-ақ Ресей президенті Түркияда газ хабын құру идеясын жеткізді.

– Бұл біз бағаны қалыпты нарықтық деңгейде ешқандай саяси бояусыз реттей алатын алаң болар еді, – деді Путин.

Екі көшбасшының келіссөздері бір жарым сағатқа созылды.

Ресейдің Түркияда газ хабын құру туралы ұсынысына Анкара оң көзқараста екенін айтты.

Кездесуде Путин мен Ердоған Ресей-Украина арасындағы жағдай туралы талқыламады. Бұл туралы Риа басылымы хабарлады.

Изображение 1 для Путинмен жеке кездесу өткізген Ердоған Украина тақырыбын талқыламады

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.