Путиннің баспасөз хатшысы Қазақстан туралы пікір білдірді - Exclusive
Поддержать

Путиннің баспасөз хатшысы Қазақстан туралы пікір білдірді

Ресей мен Қазақстанның қарым-қатынасы достық бағытта. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Life.ru мәліметінше, Песков екі елдің үкіметтерінің қарым-қатынасты жоғары деңгейде екенін еске салды. Ресей мен Қазақстанның қарым-қатынасы достық бағытта жалғасатынын атап өтті.

– Ешқандай шешім қабылданған жоқ (Ресейге қарсы санкциялар туралы), керісінше, біздің өзара іс-қимылымызды одан әрі кеңейтуге, шетелден келетін қауіп-қатерлерге бірлесіп жауап беруге және осы жағымсыз әрекеттердің салдарын азайтуға деген ниет қалыптасты, – деді Кремль өкілі журналистермен кездесуде.

Ресейлік басылымның мәліметінше, Дмитрий Песков Қазақстан Ресеймен достық қарым-қатынастағы ел болып қалатынын айтқан.

– Біздің үкіметтер үнемі байланыста. Байланыс тұрақты түрде әрі жоғары деңгейде жүзеге асырылады, – дейді Песков.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *