English version

Путиннің Қазақстанға келуін сынаған азамат 15 тәулікке қамалды

Контекст дня — 14 октября 2022 15:10
0

Ресей президенті Владимир Путиннің Астанаға сапарын туралы сыни пікір айтып, видео жариялаған алматылық азамат Рафик Жарылқасымов 15 тәулікке қамалды.

Азаттық мәліметінше, Жарылқасымовты полиция Алматының Ақсай ықшам ауданынан ұстап, әкеткен. Кейін сот өтті.

Sud.kz ақпаратына сәйкес, оған «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» (Әкімшілік кодекстің 488-бабы, 7-бөлігі) деген айып тағылған.

Сондай-ақ сот шешімінде Жарылқасымовтың Ресей президенті Владимир Путиннің келуіне байланысты заңсыз митингіге шақырғаны, соған үндеген бейнетаспа анықталғаны жазылған.

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.