«QR арқылы төлеу»: Қаржы вице-министрі мобилді аударымдар туралы пікір білдірді
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мобилді аударымдар туралы пікір білдіріп, ресми төлемнің артықшылығы туралы айтып берді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Біржановтың айтуынша, егер кәсіпкерлер мобилді банктік аударымдарды бақылау-кассалық машиналарды немесе POS-терминалдарды пайдаланбай қабылдаса, олар “көлеңкеде” қалмақ.
– Жалпы, бөлшек сауда көлеңкелі экономиканың көлемді бөлігін алып отыр. Қазір аударымдардың бақылауға алынатынын айта бастағанымызда, кейбір кәсіпкерлер қолма-қол есеп айырысуға көшкісі келеді. Бірақ бұл да “көлеңкелі кәсіпкерлік” болып табылмақ. Егер кәсіпкерлер банктен жеке банктік есепшот ашып, төлемдерді, мысалы, QR арқылы қабылдаса, онда біздің фискалдық бөлігіміз де, бүкіл экономикамыз да ашықтыққа қол жеткізбек. Ең бастысы, QR арқылы төлеген кезде тұтынушылар қосымша кэшбек алады, кейін оны басқа төлемдер үшін пайдалануға болады. Мобилді аударымдар бойынша адам не чек, не кэшбек ала алмайды, – деді ол.
Фото: ашық дереккөз



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.