Рақышев Қазақстан бокс федерациясының президенті қызметінен кетті
Бүгін Астанада Қазақстан бокс федерациясының жыл сайынғы дәстүрлі жиналысы өтіп, федерацияның жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп тағайындалды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Федерация сайтындағы мәліметке сәйкес, Кеңес Рақышев қызметінен босатылды.
– Маған жүктелген жауапкершілікті сезіне отырып, мен Қазақстан боксының одан әрі дамуына, спортшыларымызға жан-жақты қолдау көрсетуге, олардың мүдделерін қорғауға, ҚБФ-ның ел ішінде және халықаралық деңгейде рөлін арттыруға бар күшімді саламын. Команданың биылғы үлкен ойындардың алдында үлкен мақсаты бар. Біз өз тарапымыздан барлық қажетті дайындықтарды жалғастырамыз. Бірлесе отырып, отандық бокстың әлемдік аренадағы беделін нығайта түсеміз, – федерацияның жаңа президенті.
Фото: ашық дереккөз



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.