Райымқұлова Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті болып тағайындалды
Экс-министр, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Ақтоты Райымқұлова Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Райымқұлова 2023 жылғы 3 қараша күні Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті отырысында Түркі мемлекеттері елдерінің мемлекет басшылары қабылдаған шешімге сәйкес Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының Президенті атанды.
Еске салайық, ол 2019 жылы маусым айында Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалған еді.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.