Рамиль Мухоряповке қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қазақ тілі туралы даулы пікір айтқан Рамиль Мухоряповке қатысты арыз бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы журналист Күлтегін Аспанұлы хабарлады.
Алматы қаласының Алматы қаласының Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы 20 қазанда ҚР Бас прокуратурасы мен Алматы қаласының прокуратурасына журналистің түсірген арызына қылмыстық іс ашқаны туралы жауап беріпті.
Полиция департаменті тергеу басқармасының ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының (“Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру”) 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.
– Тергеліп жатқан қылмыстық іс шеңберінде психологиялық-филологиялық САРАПТАМА тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады, – дейді Әбіқұлов.
Журналист бұл айыптың жазасы заңда үш нұсқада көзделгенін айтты: 2 мың-7 мың АЕК айыппұл, 2-7 жыл аралығында бас бостандығын шектеу немесе айыру. Егер Мухоряпов айыпты деп танылса, сот мән-жайды есекере отырып үш жазаның біреуін таңдайды.
Фото: Businessfm

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.