Референдумның алдын ала нәтижесі жарияланды
Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумның алдын ала нәтижесін жариялады..
Референдумда дауыс беруге құқығы бар 11 734 642 азаматтың 7 986 293-і дауыс берді. Дауыс берушілердің 68,06 пайызы қатысты.
Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Конституциялық түзетулер бойынша дауыс беру жалпыхалықтық сипатта өткенін айтты.
– 6 маусымда сағат 08:00-де еліміздің барлық өңірлеріндегі және шетелдегі 10 012 сайлау учаскесінде дауыстарды санау аяқталды. Конституциялық түзетулер бойынша дауыс беру жалпыхалықтық сипатта өтті. «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 31-бабына сәйкес, дауыс беруге құқығы бар азаматтардың жартысынан астамы қатысса, сондай-ақ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісі дауыс беруге қатысса референдум өткізілді деп есептеледі, — деді брифингте Әбдіров.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет