English version

Ресей Абхазия мен Оңтүстік Осетияны қайтарып беруі тиіс – Грузия президенті

Контекст дня — 2 февраля 2023 17:30
0 -1

Грузия президенті Саломе Зурабишвили 2008 жылы Ресейдің бақылауына өткен Абхазия мен Оңтүстік Осетия территорияларын Грузияның бақылауына қайтаруы керек екенін айтты.

Зурабишвили Ресей Украинадағы соғыста жеңілген соң украин территорияларымен қатар грузин аймағынан да кетуі тиіс деп есептейді.

– Ресей барлық шайқастарда іс жүзінде жеңіліп қалды. Келіссөз үстелінде Грузин мәселелері де талқылануы керек, – деді Зурабишвили

Грузия президенті Батыс қоғамдастығын Ресей президенті Владимир Путиннен Украинамен бейбіт келісімнің шарттарының бірі ретінде елдің аумағынан әскерлерді шығаруды талап етуге шақырды.

Егер мұндай әрекет болмаса Батыс 2008 және 2014 жылдағыдай үлкен қателікке ұрынуы мүмкін екенін ескертті.

Фото: РБК


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.