English version

Ресей астанасына дрондар шабуыл жасады

Контекст дня — 30 мая 2023 16:30
0 -1

Мәскеу мэрі Сергей Собянин Ресей астанасына дрондар шабуыл жасағаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Бүгін таңертең ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылы бірнеше ғимараттарға зақым келтірді. Жауапты мамандар болған оқиғаның мән-жайын анықтайды. Қазіргі уақытта ешкім зардап шеккен жоқ. Тек ресми дереккөздерге сенулеріңізді және тексерілмеген ақпаратты таратпауыңызды сұраймын, – деп жазды Собянин өзінің Telegram-арнасында.

Бірнеше шағын ауданның тұрғындары қауіпсіз жерге эвакуацияланған. Сондай-ақ Ресейдің әуе қорғанысы 13 дронды атып түсіргені хабарланды.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.