Ресей атом энергиясы саласындағы тәжірибесімен бөлісуге дайын – Мишустин
Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Exclusive.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараға премьер-министрлер: Әлихан Смайылов, Никол Пашинян, Роман Головченко, Ақылбек Жапаров, Михаил Мишустин қатысады.
Ресей Атом энергиясы саласындағы тәжірибесімен бөлісуге дайын. Бұл туралы Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин мәлімдеді.
– Елімізде озық технологиялар мен тәжірибе бар, – деді Мишустин.
Оның пікірінше, көміртекті реттеу және климаттық жобаларды қаржыландыру бойынша күш біріктіру қажет.
Айта кетейік, Қазақстан Балқаш көліндегі Үлкен кентінде елдегі алғашқы атом электр станциясын салуды жоспарлап отыр.
Фото: UKIMET
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.