English version

Ресей, Қазақстан, Өзбекстан одағы: Тоқаев Путинмен қандай келіссөз жасасты?

Контекст дня — 29 ноября 2022 16:30
0 -1

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Мәскеуде «үштік газ одағын» құру мәселесін талқылағанын айтып, президенттің Ресейге сапарына қатысты жазба жариялады.

– Осыған байланысты Кремльде өткен Қазақстан мен Ресей президенттерінің келіссөзі барысында Қазақстан мен Өзбекстан территориясы арқылы Ресей газын тасымалдау жұмыстарын үйлестіру мақсатында құрамына Ресей, Қазақстан, Өзбекстан кіретін «үштік газ одағын» құру мәселесі қарастырылғанын атап өткен жөн. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин барлық тараптың мүдделерін ескере отырып, осы мәселенің ұтымды шешімін табу үшін үш ел сарапшыларының қатысуымен егжей-тегжейлі келіссөз жүргізу қажет деп санайды, – деп жазды Желдібай.

Фото: ашық дереккөз

https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.