Ya Metrika Fast


English version

Ресей қазақ жерін 1050 теңгеге жалға алып отыр – депутат

Контекст дня — 3 мая 2023 17:30
0
Изображение 1 для Ресей қазақ жерін 1050 теңгеге жалға алып отыр – депутат

«Ауыл» фракциясының депутаты Серік Егізбаев Ресей жалға алған әскери полигондардың аумағын қысқартуды, босаған жерлерді қазақстандық фермерлерге беруді ұсынды, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Депутат 1995 жылдан бастап Ресей Қазақстаннан әскери полигондар үшін 8,5 млн гектардан астам жерді 1050 теңгеге жалға алатынын атап өтті.


– Мұнда біз жердің құнын кім және қандай әдістеме бойынша бағалады және жалдау мерзімі аяқталған кезде бір гектар полигонды толық қалпына келтіру үшін мың теңге жеткілікті ме, әлде мұның бәрі республика бюджетіне түседі ме деген сұрақ қоямыз. Полигондардың ауданын Әзірбайжан (86,6 мың км2), БАӘ (83,6 мың км2), Чехия (78,9 мың км2), Грузия (69,7 мың км2) немесе Дания мен Нидерланды сияқты мемлекеттердің аумағымен салыстыруға болады, – деді Егізбаев Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.