English version

Ресей азаматтық соғыстың алдын алды – Путин

Контекст дня — 27 июня 2023 18:11
0 -1

Ресей президенті Владимир Путин Қорғаныс министрлігі, Росгвардия, ФСБ және ІІМ бөлімшелерінің алдында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Сіздер азаматтарымыздың конституциялық құрылысын, өмірін, қауіпсіздігі мен бостандығын қорғадыңыздар. Қарулы күштер іс жүзінде азаматтық соғысты тоқтатты. Қиын жағдайда нақты, үйлесімді әрекет етіп, Ресей халқына және әскери антқа адал екендеріңізді дәлелдедіңіздер, – деп атап өтті Ресей президенті.

Сондай-ақ ол Ресейдегі дүрбелең кезінде қаза тапқан ұшқыштар туралы айтып, марқұмдарды бір минут үнсіздікпен еске алуды сұрады.

Путиннің айтуынша, күш құрылымдарының бөлімшелерін тез және нақты орналастыру елді қауіпті жағдайдан сақтап қалған.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.