Ресей соты КҚК қызметін бір айға тоқтатты
Новороссийск қаласының Приморский аудандық соты Каспий құбыр консорциумының (КҚК, Ресей мен Қазақстанның қатысуымен компания) қызметін 30 тәулікке тоқтату туралы қаулы шығарды.
6 мамырда вице-премьер Виктория Абрамченконың тапсырмасы бойынша тексеріс өтті. Тексеру барысында Ространснадзор КҚК өндірістік объектілерінде экологиялық заң бұзушылықтарды анықтады.
– Каспий құбыр консорциумы Ресей Федерациясының құқықтық алаңы аясында жұмыс істейді және сот шешімін орындауға мәжбүр. Шешімге заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес шағымдануға болады, – деп хабарлады компания.
КҚК ірі акционерлері Транснефть (24 пайыз) және ҚазМұнайГаз (19 пайыз) болып табылады. Қазақстанның барлық экспорттық мұнайының үштен екісі ұзындығы 1511 километр Теңіз — Новороссийск құбыры арқылы жеткізіледі. КҚК теңіз терминалы үш жылжымалы айлақ құрылғыларымен жабдықталған.
Комментариев пока нет