English version

Ресей Украинаға камикадзе дрондары арқылы шабуылдады

Контекст дня — 17 октября 2022 15:10
0 -1

Бүгін таңертең Украинаның астанасы Киев қаласында бірнеше рет жарылыс болды. Қала мэрі Виталий Кличко жарылыстардың бірі Украина астанасының орталығындағы Шевченков ауданында болғанын растады.

Оның айтуынша, дрондардың шабуылына ғимаратта өрт шыққан. Бірақ бірнеше тұрғын үй де зардап шеккен.

– Біз зардап шеккендер туралы ақпаратты нақтылап жатырмыз, – деді Кличко.

Украина Президенті Әкімшілігінің басшысы Андрей Ермак Киевке камикадзе дрондары шабуыл жасағанын айтты.

Сондай-ақ, бүгін Сума облысының инфрақұрылым нысандарына шабуыл жасалған. Зымыран атқылауынан адамдар зардап шеккені белгілі, бірақ зардап шеккендердің нақты саны әлі айтылмады. Сонымен қатар, түнде Днепропетровск облысына зымырандар мен ауыр артиллерия шабуыл жасады. Бір зымыран энергетикалық инфрақұрылым нысанына соғылып, өрт шықты.

Соңғы апталарда Ресей Украинаға қарсы «Шахед-136» ирандық камикадзе дрондарын жаппай қолданып жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, Ресей ирандық 300 дронды алған. Бірақ Иран мұндай дрондарды Ресей Федерациясына берді деген ақпаратты жоққа шығарды.

Фото: ашық дереккөз

Изображение 1 для Ресей Украинаға камикадзе дрондары арқылы шабуылдады

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.