Ресей Қытай және Иран елдерімен әскери-теңіз жаттығуларын өткізбек
15-19 наурыз аралығында Оман шығанағында Ресей, Қытай және Иранның бірлескен әскери-теңіз жаттығулары өтеді. Бұл туралы ҚХР Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– 15-19 наурыз аралығында Қытай, Иран, Ресей және басқа мемлекеттердің Әскери-теңіз күштері Оман шығанағында қауіпсіздік байланыстары – 2023 атты бірлескен теңіз жаттығуларын өткізеді, – деп жазылған ведомствоның хабарламасында.
Әскери жаттығулар кезінде Қытай Халық-Азаттық Армиясының Әскери-теңіз күштері «Наньнин» зымыран жойғышын сынап көреді.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.