Ресейде 60 мың гектардан астам орман өртеніп жатыр
Ресейде орман өрті шарпыды. Өрт аумағы 60 мың гектардан астам жерді қамтиды, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Ресейдегі орман өртінің салдарынан Қазақстанның солтүстік өңірлерін түтін басты. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында түтін мен ыстың иісі сезіледі.
Тілсіз жауға байланысты Түмен, Қорған және Свердлов облыстарында төтенше жағдай режимі жарияланды.
Апатты жағдай салдарынан 21 адам көп жұмып, 13 азамат ауруханаға түскен. Бірқатар елді мекендегі тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.