English version

Ресейде қазақстандық әншінің концертін өткізбей тастады

Контекст дня — 19 апреля 2023 17:30
0 -1

Ресей қазақстандық рэпер Jah Khalib-тің концертін өткізбей тастады, деп хабарлайды Exclusive.kz REGNUM ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Украинаны ашық қолдаған қазақстандық рэпер Jah Khalib-тің Мәскеуде жоспарланған концерті болмайды, – деді Crocus City Hall концерт алаңының бас директоры Роман Грачев.

Әнші 23 сәуірде Мәскеуде және 25 сәуірде Санкт-Петербургте үлкен жеке концерт өткізуді жоспарлаған еді. Нәтижесінде екі қалада да өтетін концерт тоқтатылды.

Бақтияр Мамедов (Jah Khalib) – қазақстандық рэпер. Әнші посткеңестік басқа елдерде де өте танымал.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.