Ресейдегі барлық шенеуніктер отандық автомобильмен жүруі керек – Путин
Ресей президенті Владимир Путин барлық ресейлік шенеуніктер отандық автомобильдермен жүруі керек екенін айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Ресей президенті өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының басшыларымен кездесуде шенеуніктерге осындай ескерту жасаған.
Путиннің айтуынша, түрлі министрліктер мен ведомстволар шетелдік өндірістегі автомобильдерге баса назар аударып, сатып алуы жиілеген.
– Мен мұндайды мүлдем алып тастау керек екенін айттым және елдің барлық шенеуніктері отандық көліктерге мінуі керек, – деді Путин.
Айта кетейік, 2023 жылдың шілде айындағы есеп бойынша автоваздың сатылымы үш есеге өсті.
Фото: Риа новости
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.