Ресейдің Дума депутаттары майдан даласына сұранды
«Единая Россия» мемлекеттік Думасының алғашқы төрт депутаты арнайы операция аймағына жіберу туралы өтініш берді.
Бұл туралы партияның Бас кеңесінің хатшысы Андрей Турчак мәлімдеді.
Ол майданға жіберу туралы өтініштер Қорғаныс министрлігіне жолданатынына уәде берді.
Соғысқа сұранған депуататтар тізімінде Виталий Милонов, Дмитрий Хубезов, Дмитрий Саблин, Сергей Сокол бар.
21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин ішінара жұмылдыру басталғанын жариялады.
Кейінірек Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу ішінара жұмылдыруға әскери тәжірибесі бар ресейліктер шақырылатынын айтты. Бұл санатқа әскери-есептік мамандығы бар адамдар да кіреді. Қорғаныс ведомствосының есептеуінше, барлығы 300 мың резервші шақырылатын болды.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.